(Уақытсыз қайтыс болған сүйікті анам Майжамалға арнаймын)
Көп болыпты түн ортасы өткелі.
Жұлдыз асық таңды қуып жеткелі.
Ақ қояннан бөрік киген жылы үйлер
Біраз болған тәтті  ұйқыға кеткелі.

Жерде жатыр қардан бөстек жамылып,
Асау жел жүр, орман кезіп қабынып.  
Ағаштар тұр бұтақтарын басқа орап,
Ұйқысырап, кірпігі әрең қағылып.

Көп болыпты түн ортасы өткелі,
Бір-ақ үйде оттың жарық төккені.
Жалғыз ана... Бесігіне сүйеніп,
Кірпік қақпай ұзақ түннің өткені.

Бала ұйқыда: алуан түспен алысып,
Талдан тұлпар жасап мініп, жарысып.
Қанат байлап, бұлттан биік ұшады
Танымаған дүниемен танысып.

Қара кірпік қолдан біреу өргендей,
Қызыл ерін, қырдан шие тергендей,
Нәрестеге сағынғанда аңасы
Бейне өзінің сұлу көркін бергендей.

Сол себептен көзін ана алмайды.
Көрген сайын ынтығады, талмайды.
Дейді:  қалқам, балбыраған ажарың
Өміріме менің өмір жалғайды...

Сұқтанады, маңдайынан сүйеді,
Шашын сипап егіледі, иеді.
Дейді: келші менің күткен бақытым,
Ағытылшы рақатымның тиегі.

Көп болса да түн ортасы өткелі,
Көп болса да үркер ауып кеткелі.
Отыр ана әр дыбысқа елеңдеп,
Сезілмейді оған түннің өткені.

Таңғы үйқыңың дәмі қайда сияды,
Ол ұйқыны қандай жомарт қияды?
Түн бойына ілінбеген кірпікті
Тан алдында кім ұйқыдан тияды?

Ана ғана ңұрлы бетін сазартып,
Жүр ұлынын, киімдерін тазартып.
Көйлегінің қайта қадап түймесін,
Орамалын жуып әбден ағартып.

Ұлы окуға ертең тұңғыш барады.
Жаңа тұрмыс жолын тұңғыш салады.
- Нендей атпен, нендей ғана атақпен,
Өмір суріп, қандай үлес алады?

Баласының төсегінің маңына
Қайта-қайта келіп, қымтап тағы да:
Әрбір ана іштен щыққан баласын
Әдеті ғой теңейтіні жанына.

Ана ұл мен қызын ала көрмейді.
Махаббаты ортақ, тіпті бөлмейді.
Баршаға ортақ оның ыстық мейірімі,
Ешкім ондай махаббатты білмейді.

Қызғанбайды, адал сүтін береді,
Жұтайын деп тұрған дәмін бөледі,
(«Айта алатын болсам ана шаттығын,
Мен өзімді тым бақытты дер едім»).

Көп болыпты түн ортасы өткелі,
Таң шолпаны көкжиектен кеткелі.
Үйлер түгіл, қалғып-мүлгіп баулар да
Тыныштанып, тынып, дамыл еткелі.

Ана ғана күткен таңды атпаған.
Өзі салған төсегіне жатпаған.
Тізесіне басын сүйеп, ойланып,
Таң атқанша қалғып кірпік қақпаған...
|
Енді ананың жіғіт болған баласы,
Дипломы бар, ұзап кеткен арасы.
«Инженермін, өте жақсы тұрмынды»
Анда-санда бір естиді анасы.

Бір хатында сағындым деп жазыпты
«Келсейші, апа, табам киім, азықты».
Он оқымай, қақпайды ғой кipniгiн,
Сағыныштан ана жүдеп азыпты.

Бар қайғыны жүрегіне түйеді,
Тоңса тоңып, ыстығына күйеді.
Мұңы менен үмітіне ортақ боп
Ана ғана риясыз сүйеді.

Орта жастан кетсе дағы ұл ауып. '
Қызы үй болып, отырса да ұл тауып,
Тек солардың қамын ойлап қамығып,
Ана сорлы тыншымайды-ау бір ауық!

Жер оянып, шаттық кернеп кетеді.
Даурығып көше у-шу етеді,
Сәл естіген дыбысқа да елеңдеп,
Сорлы ананың бар өмірі өтеді.

Басын ана жастығына қоймайды.
Үйде отырып, өлшеусізді ойлайды.
Жатса-тұрса жаңа шаһар елестеп,
Баласының қызығына тоймайды.

Көз алдында алтын толқын шайқалған,
Кең далада қызыл бидай жайқалған.
- Осы үміт, осы біздің келешек,
Борышы осы бала анаға қайтарған...

Уа, жолдастар, көзғе асылды ілмейміз.
Ананың ақ махаббатын күндейміз.
Сүюіміз жыл құсындай ұшқалақ,
Тап анадай адал сүйе білмейміз.

Ибрагим Салахов
1956