Нури Арслановқа
Іздеп бардым алыстағы өзіңе,
Өскен жерің ыстық екен көзіңе.

Іздеп бардым өткен жастық күндерді,
Таң атқанша сауық құрған түндерді.

Іздеп бардым сұрармын деп кешірім,
Тасқа жазған табылар деп есімің.

Таба алмадым, достым, шалғай жүрсің бе,
Өткен жастық кезіңді ойлап, күрсінбе.

Біз шыққан тау белгі беріп тұр алдан,
Сол тастардан зәулім үйлер құралған.

Ибрагим Салахов
1957