Қаздар ұшты. Қазадар... сонау жыракқа,
Біз білмейтін жайлы мекен-тұраққа,
Кешкі самал қалтыратып қанатын,
Мұңды даүсы келеді екен құлаққа.

О нeci екен, қым-қиғаш жол сызғаны,
Сарғайтты ма сағыныштың ызғары...
Сыңсығаны - сүйгенінен айрылып
Қалды ма екен қарақат көз қыздары...

Қаз, қауырсын қанатыңды қағарсың,
Қиыр шетке арып-талып барарсың.
Теңіздерге жаутаң-жаутаң қарарсың,
Бәлкім, туған жерді есіңе аларсың,

Тілім — тасқа «тәубә» дейін, «тәубә» енді,
Қилы жолда көрерсіңдер әр жерді.
Мен тілеймін қаз отына кезігіп,
Дәмін татып, суын ішіп, ал демді.

Қаздар, қаздар, қанаттарың талмасын,
Азап шегіп жолда бірің қалмасын.
Жазда қайта оралыңдар, қайтыңдар,
Сағыныштан шіркін жүрек жанбасын.

Қаздар ұшты. Қаздар... сонау жыракка,
Біз білмейтін жайлы мекен-тұраққа,
Кешкі самал қалтыратып қанатын,
Мұңлы даусы естіледі құлаққа.

Ибрагим Салахов
1957