Арамызда жылдар жатыр,
Жолдар жатыр, қар жатыр.
Тасқын сулар теңселдірген
Биік-қия жар жатыр.
Жар жатыр...

Арамызда таулар жатыр,
Орман жатыр, қыр жатыр.
Көңілдерге мұң шөгеріп,
Алыс қалған жыр жатыр.
Жыр жатыр...

Іздегенмен таба алмадым,
Тұман бүркеп жол тұйық.
Көңілде бір күй шалқиды,
Жанға арманды толтырып.
Толтырып...

Арамызда жылдар жатыр,
Бөгет — бұраң, жол дағы.
Боран бұрқап, қар басса да,
Гүл-махаббат солмады.
Солмады...

Ибрагим Салахов